Өткізгіштігі төмен триас кен орындарында ҚҚС жүйесін ұйымдастыру мәселелері
- 03.08.2023
- News-Kaz, News-Kk
- Коммент өшірілген on Өткізгіштігі төмен триас кен орындарында ҚҚС жүйесін ұйымдастыру мәселелері
- D.Arkharova
Ағымдағы жылдың 8 қыркүйегінде ҚМГ Инжиниринг Атыраулық филиалының базасында онлайн және офлайн форматта «Өткізгіштігі төмен триас кен орындарында ҚҚС жүйесін ұйымдастыру мәселелері тақырыбында халықаралық дөңгелек үстелі өтеді.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының аумағында 30-дан астам мұнай кен орындары өнеркәсіптік пайдалануда, олардың қорлары жартылай немесе толығымен триас шөгінділерінің алынуы қиын қорларында шоғырланған.
– Триас шөгінділерін игеру бірқатар қиындықтармен бірге жүруі мүмкін: өткізгіштігі өте төмен, үлкен тереңдіктер, қабаттың литологиялық гетерогенділігі, мұнаймен қаныққан қалыңдықтың сақталмауы, төмен фазалық өткізгіштік, төмен ФЕС. Жоғарыда айтылғандардың барлығын ескере отырып, ҚҚС (қабат қысымын сақтау) жүйесін ұйымдастыру триас шөгінділерін игерудің өзекті міндеттерінің бірі болып табылады.
Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстанда және шетелде өткізгіштігі төмен триас шөгінділерін игерудің өзекті мәселелерімен айналысатын өндіруші кәсіпорындар, ҒЗИ, ЖОО өкілдері, ғалымдар мен кәсіпкерлер қатысады деп болжануда.