KMGE PetroBowl 2023
- 19.04.2023
- News-Kaz
- Коммент өшірілген on KMGE PetroBowl 2023
- sdauren
«ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Атыраулық филиалының Жас мамандар кеңесі ҒЗТКЖ блогымен бірлесіп алғашқы KMGE PetroBowl 2023 – зияткерлік салалық викторинаны өткізді.
KMGE PetroBowl — командалар жеделдетілген режимде жарысатын және мұнай-газ саласына қатысты техникалық және техникалық емес сұрақтарға жауап беретін интеллектуалды турнир. «KMGE PetroBowl» іс-шарасының мақсаты мұнай-газ ісі саласындағы білімді арттыруға, топтық жұмыста дағдыларды жақсартуға бағытталған командалық қызметті ұйымдастыру болды. KMGE PetroBowl 2023 зияткерлік ойыны 3 турды қамтыды:
- Блиц-тест.
- Case study.
- Титандар Шайқасы.
Ойынның адалдығын бақылау мақсатында төрешілер алқасы құрылды:
- Мухтанов Б.М. – ЕМГ жобасының жетекшісі,
- Ысқақ А.А. – Ірі жобалар бойынша басқарушы,
- Абуев Р.Б.– Жобаның жетекшісі (ҚГМ, ҚОА, ҚТМ және ӨО),
1-тур. Блиц-тест құны 1 балл болатын орташа күрделі 30 сұрақтан тұрды. 1 сұрақты талқылауға орта есеппен 30 секунд уақыт бөлінді, оның барысында қатысушыларға олардың алдында үстелде орналасқан ноутбукте тест тапсыру қажет болды.
2-тур. Case study. Ол 10 баллға бағаланған белгілі бір мәселені қамтитын бір ашық сұрақтан тұрды. Ұсынылған шешімді қорғау үшін шешімге бөлінген уақыт ішінде жазылған барлық ақпаратты айтатын 2 қатысушы шықты.
3-тур. Титандар Шайқасы. Құны 2 балл болатын 10 күрделі сұрақтан тұрды. 1 сұрақты талқылауға 30 секунд уақыт бөлінді, оның барысында командалардың кез келген қатысушысы оның алдында, үстелде орналасқан түймені басып, сұраққа жауап беруіне болатын.
Қатысушылардың өз білімдері мен дағдыларын көрсетуге және «ҚМГ Инжинирин» ЖШС Атыраулық филиалы бойынша турнир жеңімпазы атағына таласуға бірегей мүмкіндігі болды. Викторинаның барлық кезеңдерінен өте отырып, бірінші орынды «НОМАД» командасы жеңіп алды:
- Жақаш Дияр Ғалымұлы, Мұнай және газ өндіру техникасы мен технологиясы қызметінің жетекші инженері,
- Сабирова Айниет Газизовна, геофизика және петрофизика қызметінің аға инженері,
- Бекмуханов Еркебулан Гилажович, ірі жобалар бойынша сарапшы (сарапшылар тобында),
- Зиноллаев Адилет Болатбекулы, ЕМГ кен орындарын игеру қызметінің инженері.
Турнирдің үздік ойыншысы «НОМАД» командасынан Бекмұханов Еркебұлан болды.