Share

ҚМГ Инжиниринг сарапшылары өз тәжірибелерімен және кәсіби білімдерімен бөліседі

ҚМГ Инжиниринг сарапшылары өз тәжірибелерімен және кәсіби білімдерімен бөліседі

  • 27.03.2023
  • News-Kaz
  • Коммент өшірілген on ҚМГ Инжиниринг сарапшылары өз тәжірибелерімен және кәсіби білімдерімен бөліседі

Жақында ҚМГИ Атыраулық филиалының мұнай өндіруді қарқындату және мұнай беруді арттыру қызметінің сарапшысы Бауыржан Еселбаев «Полимерлік суландыруды қолдану – мұнай беруді арттырудың үшінші әдісі ретінде» тақырыбында С. Өтебаев атындағы АМГУ дәріс оқыды.

Іс-шараға еліміздегі мұнай және газ саласындағы түлектердің мамандандырылған дайындауын жүзеге асыратын жалғыз университеттің магистранттары мен оқытушылары қатысты.

Кездесу аясында ҚМГИ өкілі тыңдаушыларға суда еритін полимерлердің жіктелуі және олардың қасиеттеріне түрлі сыртқы факторлардың әсері туралы айтып берді. Сонымен қатар, спикер полимерлердің адсорбциясы мен десорбциясының қасиеттері және ПНП үшін полимерлерді айдау технологиясы туралы хабарлады.

Дәріскер Қазақстанда және шетелде полимерлі сулануды қолдану тәжірибесімен бөлісіп, полимерлі сулануды қолдану алғышарттары және кандидат кен орындарын іріктеу критерийлері бойынша сұрақтарға жауап берді.

Жиналған аудитория талқыланатын тақырыпқа жоғары қызығушылық танытып, полимерлі сулануды қолдану бойынша одан әрі зерттеу мен жүргізіліп жатқан зерттеулердің маңыздылығын атап өтті.

Бөлісу бағытындағы: