«ҚМГ Инжиниринг» ЖШС басқармасы 2023 жылғы 3 наурыздан бастап жаңа үш жылдық мерзімге құрамында өзгеріссіз сайланды.
- 03.03.2023
- News-Kaz
- Коммент өшірілген on «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС басқармасы 2023 жылғы 3 наурыздан бастап жаңа үш жылдық мерзімге құрамында өзгеріссіз сайланды.
- sdauren
Ағымдағы жылдың наурыз айында «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Басқармасы өкілеттік мерзімі 2023 жылғы 3 наурыздан бастап 2026 жылғы 2 наурызды қоса алғанда құрамында өзгеріссіз сайланды.
Серіктестік Басқармасының сайланған мүшелерінің өкілеттік мерзімі 2023 жылғы 2 наурызда аяқталды.
«ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Жалғыз қатысушысының шешіміне («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасының 14.02.2023 жылғы №8 хаттама шешімі) сәйкес ҚМГИ Басқарма мүшелері ретінде 7 адам сайланды:
- Сәлімгереев Мәлік Жанабайұлы;
- Досмұхамбетов Махамбет Жолдасқалиұлы;
- Нұғманов Жәнібек Қайрбекұлы;
- Даулетов Асылжан Бауыржанұлы;
- Хайретдинов Ренат Геннадьевич;
- Иманбаев Бақыт Алтайұлы;
- Өтеев Рахим Нағанғалиұлы.
«ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Басқарма төрағасы ретінде Сәлімгереев Мәлік Жаңабайұлы сайланды.
Анықтама:
Басқарма Серіктестіктің ағымдағы қызметін басқаратын алқалы атқарушы орган болып табылады.