Share

ҚМГ Инжиниринг Басқармасының құрамында өзгерістер орын алды

ҚМГ Инжиниринг Басқармасының құрамында өзгерістер орын алды

  • 02.02.2023
  • News-Kaz
  • Коммент өшірілген on ҚМГ Инжиниринг Басқармасының құрамында өзгерістер орын алды

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқармасының 2023 жылғы 30 қаңтардағы және 2023 жылғы 1 ақпанда «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің отырыстарында шешімдер қабылданды: 

1) 2023 жылғы 31 қаңтардан бастап ҚМГ Инжиниринг Бас директоры (Басқарма төрағасы) Бақытжан Кеңесұлы Хасанов өкілеттігін тоқтатуы туралы;

2) 2023 жылғы 1 ақпаннан бастап Малик Жаңабайұлы Сәлімгереевті ҚМГ Инжиниринг Бас директоры (Басқарма төрағасы) ретінде сайлануы туралы;

3) 2023 жылғы 1 ақпаннан бастап ҚМГ Инжиниринг Басқармасының мүшесі ретінде Махамбет Жолдасғалиұлы Досмұхамбетовті сайлау туралы.

Жоғарыда аталған шешімдер аясында келесі кадрлық өзгерістер болды:

1) ҚМГ Инжинирингтің бас директоры (Басқарма төрағасы) Б.К. Хасановпен еңбек шартын тоқтату;

2) 2023 жылғы 1 ақпаннан бастап Бас директордың өндіріс жөніндегі бірінші орынбасары М. Ж. Сәлімгереевті ҚМГ Инжиниринг Бас директоры (Басқарма төрағасы) лауазымына ауыстыру;

3) 2023 жылғы 1 ақпаннан бастап М.Д. Досмұхамбетовті ҚМГ Инжиниринг өндірісі жөніндегі бас директордың бірінші орынбасары лауазымына қабылдау.

Осылайша, ҚМГ Инжиниринг Басқармасының қазіргі құрамына 2023 жылғы 1 ақпаннан бастап келесі тұлғалар кіреді:

–      Сәлімгереев Мәләк Жаңабайұлы – бас директор (Басқарма төрағасы);

–      Досмұхамбетов Махамбет Жолдасғалиұлы – Басқарма мүшесі;

–      Нұғманов Жәнібек Қайрбекұлы – Басқарма мүшесі;

–      Даулетов Асылжан Бауыржанұлы – Басқарма мүшесі;

–      Хайретдинов Ренат Геннадьевич – Басқарма мүшесі;

–      Иманбаев Бақыт Алтайұлы – Басқарма мүшесі;

–      Өтеев Рахым Нағанғалиұлы – Басқарма мүшесі.


АНЫҚТАМА:

Досмұхамбетов Махамбет Жолдасғалиұлы:

Атырау облысының тумасы, И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтының «Геология және мұнай және газ кен орындарын барлау, тау-кен инженері» бағыты бойынша түлегі, және де 2016 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетінде алған Іскерлік әкімшілендіру магистр дәрежесіне ие.

М.Д. Досмұхамбетовтың жалпы еңбек өтілі 37 жылды құрайды, оның ішінде мұнай-газ саласында 1983 жылдан бастап «Ембімұнай» ӨБ Балықшы БББ геологы ретінде 32 жыл жұмыс істеді. Кейін осы кәсіпорында барлық өндірістік сатылардан өтіп, «Доссорнефть» геологиялық бөлімін басқарды.

1991 жылы «Эмбанефть» ӨБ «Мақатнефть» МГӨБ бас геологы болады, ал 1991-1996 жылдар аралығында осы позицияда «Мұнай» БК, «АНАКО» АҚ-да еңбек етеді.

2002 жылы Махамбет Жолдасғалиұлы «ҚазМұнайГаз» ҰК ЖАҚ Геология және игеру департаментін басқарады, онда кейінірек ҚМГ Басқармасының құрамына кіреді және ҚМГ Басқарма Төрағасының ірі жобалар жөніндегі орынбасары ретінде жұмыс істейді.

2016 жылдан 2019 жылға дейін М.Д. Досмұхамбетов Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бірінші орынбасары, содан кейін үш жыл бойы Атырау облысының Әкімі лауазымында еңбек етті.

Махамбет Жолдасғалиұлының еңбек қоржынында бірқатар құрмет наградалары мен атақтары бар, олардың бірнешеуін ғана атап өтейік:

  • «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі;
  • Шығыс Мақат кен орнын алғаш ашушы;
  • Қазақстан Республикасының жер қойнауын құрметті барлаушысы;

Қазақстан Республикасының жер қойнауын барлау үздігі.

Бөлісу бағытындағы: