ҚМГ Инжиниринг халықаралық ғылыми конференцияда Қазақстанды таныстырды
- 05.12.2022
- News-Kaz
- Коммент өшірілген on ҚМГ Инжиниринг халықаралық ғылыми конференцияда Қазақстанды таныстырды
- sdauren
Іс-шара Тәжікстан Республикасы Душанбе қаласында Халықаралық еңбек ұйымы мен ТМД Атқарушы комитетінің қолдауымен өтті
ТМД, Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдерінен халықаралық форматтағы іс-шараға қатысушылар Душанбе қаласында «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердегі еңбекті нормалау: Проблемалар мен жетілдіру қажеттілігі» өзекті мәселесін талқылау үшін жиналды.
Конференцияда Қазақстан Республикасынан 4 баяндамашы сөз сөйледі, оның 2-і «ҚазҒЗЖИмұнайгаз» филиалынан әріптестеріміз:
Қайрат Исин – элементтік сметалық нормалау қызметінің жетекші инженері «Мұнай өндірудегі ғылыми-зерттеу, жобалау-іздестіру, және де зертханалық жұмыстарды белгілі бір көлемде іске асыру үшін қажетті уақыттың бірыңғай мөлшерлерін белгілеу» тақырыбын таныстырды.
Баяндамашы аудиторияны ҚМГ Инжиниринг қызметі туралы хабардар етіп, жұмыстың әрбір блогы және іске асырылып жатқан міндеттер туралы қысқаша айтып берді, және де өз сөзінің тақырыбына тікелей ауыса отырып, ҚМГИ Филиалдары мен жер қойнауын пайдаланушылар арасындағы жобалар бойынша шарттардың құнын есептеудің мысалын келтірді. Спикердің пікірінше, тарифті есептеу ережелері бірыңғай әдістеме мен бірыңғай уақыт мөлшерлеріне сәйкес келуі тиіс.
– Бұл әдісті қолдану бірнеше мақсатты көздейді:
- мұнай өндірудегі ғылыми-зерттеу, жобалау-іздестіру, және де зертханалық жұмыстарды белгілі бір көлемде іске асыру үшін қажетті ұзақтығын (уақыт нормасын) айқындаудың бірыңғай қағидаларын, тәртібі мен рәсімдерін белгілеу;
- «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС филиалдары мен жер қойнауын пайдаланушылар арасында баға белгілеу үшін бірыңғай уақыт нормаларын пайдалану;
- белгілі бір жұмыстарды орындау кезінде күнтізбелік кестелерді жоспарлау;
- тиісті уақыт кезеңінде белгілі бір жұмысты орындау үшін қызметкерлердің қажетті санын есептеу.
Болат Туриханов – Ұйымдастырушылық даму және нормалау орталығының еңбек ресурстарын нормалау қызметінің басшысы баяндамасының тақырыбы «Ұңғымаларды жөндеу ұзақтығын есептеу бойынша автоматтандырылған жүйе».
Қазіргі уақытта ұңғыманы жөндеуді нормалау процесін автоматтандыру қажеттілігі келесі негізгі алғышарттарға байланысты:
- Жөндеу операцияларының түрлері бойынша бірыңғай нормативтік базаның болмауы;
- Нормативтік уақытты дұрыс есептемеуге әкелетін «Адам факторы»;
- Нормативтерді іздеуге және нормативтік ұзақтығын «қолмен» есептеуге үлкен еңбек шығындары.
– Осы контекстегі барлық процестерді автоматтандырудың басты мақсаты – уақыттың нормаланбайтын шығындарының үлесін азайту, көтеру агрегаттарының түрлері бойынша уақыт нормаларын бөлу, өйткені жабдық жаңартылып, техниканың қуаты мен мүмкіндіктері артып келеді, және де жөндеудің нормативтік ұзақтығын негізді есептеуге мүмкіндік беретін бірдей операциялардың бірыңғай түріне келтіру, – деп конференция қатысушыларына ұсынылған презентацияда ҚМГИ ұйымдастырушылық дамыту және нормалау орталығынан біздің әріптесіміз Б. Туриханов түсіндірді.
Қазіргі уақытта ҚМГИ ұңғымаларды жөндеуге уақыт нормаларын біріздендіру бойынша жұмысты жалғастырып жатқанан айта кету керек. Оның аясында ҚМГ компаниялары топтарының бірқатар пилоттық жобаларында нормалардың қолданылуына тексеру есептеулері жүргізілді және 2020 жылы «АСРПРС» бағдарламалық өнімі әзірленді, оны кейіннен компания ғылым туындысы ретінде патенттеді.
ЦОРН сарапшылары жүргізген жұмыстың қол жеткізген әсерлерінің бірі ұңғымаларды жөндеуге арналған жабдықтар мен құралдарды өзгерту мен жетілдіруді ескере отырып, өзекті нормативтік базаны пайдалану, нормаларды өз күштерімен әзірлеу болды, бұл еңбекті нормалау бойынша өз қызметтерін ұсынған бөгде компаниялардың ұсыныстарымен салыстырғанда 200 млн. теңгеден астам үнемдеуге мүмкіндік берді.
Жалпы, әріптестердің пікірінше, іс-шара құрылымдық форматта өтті, онда басқа қатысушылармен, соның ішінде – ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің еңбек саласындағы мемлекеттік органдарының, ұйымдарының, Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері үшін Халықаралық еңбек ұйымы Бюросының, ТМД мемлекеттері, Беларусь, Тәжікстан, Әзірбайжан ҒЗИ және басқа да мүдделі тараптар қатысушылары, Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі Сабағыттық кеңес өкілдерімен достық байланыстарды кеңейту мүмкіндігі ұсынылды. Кеңеске қатысушылар еңбекті ұйымдастыруды және өндірісті басқару жөніндегі қызмет түрін жетілдірудің маңызды элементтерінің бірі ретінде еңбекті нормалауды дамыту тәжірибесімен алмасты. Нақты жағдайлар қарастырылып, оларды шешу жолдары ұсынылды.