Share

ҚМГИ «ҚазҒЗЖИмұнайгаз»-да өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өтті

ҚМГИ «ҚазҒЗЖИмұнайгаз»-да өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өтті

  • 02.12.2022
  • News-Kaz
  • Коммент өшірілген on ҚМГИ «ҚазҒЗЖИмұнайгаз»-да өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өтті

Өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі іс-шара «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобында «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы» аясында қарастырылды

ҚМГИ стратегия, тәуекелдерді басқару, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің ақпараты бойынша, өрт-тактикалық жаттығу а.ж. 29 қараша күні 17.20 сағатта, ТЖД бөлімшесі өкілдерінің қатысуымен филиалдың әкімшілік-өндірістік ғимаратында өтті.

– Жоспарға сәйкес, кеңсенің бірінші қабатында орналасқан асхананың шартты өртенуі орын алды. 101 нөміріне KMG – security күзет қызметкерінен шақыру келіп түсті, және де өрт дабылы қосылды. Ақтау қаласының өртке қарсы қызмет гарнизоны бөлімшелерінің шығу кестесіне сәйкес 35 ш.а., 6/1 ғим. мекенжай бойынша ТЖД күштері мен құралдары жіберілді. Бөлімше шақыру орнына келген соң ғимараттан филиалдың 350 қызметкері эвакуацияланды, шартты өртті сөндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараларға өртке қарсы есептеулердің 3 автокөлік бірлігі, және де ТЖД жеңіл көлігінің 2 бірлігі жұмылдырылды. Одан кейін өрттен шартты түрде зардап шеккен қызметкер бойынша реанимациялық шаралар жасалды, – деп Әділбек Оршабеков, ЕҚ және ТҚ мәселелері жөніндегі жетекші инженері хабарлады. Сарапшылардың бағалауы бойынша, іске асырылған шаралар филиал қызметкерлерінің өрт кезіндегі іс-әрекеттерін пысықтауға, және де «ҚазҒЗЖИмұнайгаз» аумағында орналасқан ғимараттар мен құрылыстарға қатысты ТЖД Өртке қарсы қызметінің кәсіби даярлығын арттыруға мүмкіндік берді.

Бөлісу бағытындағы: