Орталық Азияның энергия жүйелерін дамыту – қазақстандық сарапшылардың назарында
- 23.11.2022
- News-Kaz
- Коммент өшірілген on Орталық Азияның энергия жүйелерін дамыту – қазақстандық сарапшылардың назарында
- sdauren
Орталық Азияда тұрақты энергетикалық жүйелерді құру, декарбонизация жобаларын іске асыру барысы, көмірсутекті бейтараптық, көгілдір сутегі өндірісі – сутегі энергетикасы саласындағы осы және басқа да өзекті мәселелерді зерделеуге және талқылауға ҚМГ Инжиниринг баламалы энергетика Департаментінің қызметкерлері белсенді қатысуда.
Келесі күні Алматы және Астана қалаларында аталған тақырыптағы екі маңызды іс-шара аяқталды.
2nd Almaty Energy Forum – Building resilient energy systems in Central Asia:
Бұл Форумда Орталық Азияда тұрақты энергетикалық жүйелерді құру мәселелері талқыланды. Сутегі технологияларын зерттеу зертханасының ғылыми қызметкері Ердәулет Әбуов «Орталық Азиядағы сутегінің тұрақты өндірісі» тақырыбындағы сессияның модераторлық талқылауына қатысты, онда көміртекті бейтараптық бойынша мемлекеттің мәлімделген өршіл мақсаттарына қол жеткізу үшін шағын ауқымды немесе пилоттық декарбонизация жобаларына назар аудару керек екендігі атап өтілді.
– Форумға қатысушылар және де табиғи газ болашақта сутегі мен биоотын сияқты экологиялық таза отынды пайдаланғанға дейін парниктік газдар шығарындыларын азайту үшін уақытша шешім болып табылатынын айтты, – деді ҚМГИ өкілі.
Жасыл энергетика саласындағы екінші ауқымды оқиға ағымдағы жылдың 15-17 қараша аралында Қазақстан астанасында өткен «SPE Annual Caspian Technical Conference» болды.
SPE сессияларында геология, өндіру, кен орнын игеру, цифрландыру, бұрғылау, кәсіби шеберлердің құзыреттілігін дамыту және энергияға көшуге байланысты мәселелер қамтылды.
Панельдік сессияларда Eni және Chevron компанияларының өкілдері мұнай-газ компанияларында төмен көміртекті технологияларды қолдану мысалдарын көрсетті (Қазақстандағы жел турбиналары және Австралия мен Канададағы CCUS жобалары).
ҚМГИ АФ сутегі технологияларын зерттеу зертханасының ғылыми қызметкері Ердәулет Әбуов пен Баламалы энергетика департаментінің аға инженері Дәулет Жақыпов Батыс Қазақстанда көгілдір сутегін өндіру тақырыбы бойынша конференцияда сөз сөйледі.
Және де, ҚМГИ өкілдері Қазақстанда CCUS-хабтарды дамыту CCUS технологияларының құнын төмендетуге қалай көмектесетінін көрсетті. Жұмыс нәтижелері OnePetro салалық журналында жарияланды.
https://onepetro.org/SPECTCE/proceedings-abstract/22CTC/1-22CTC/D011S006R003/514592