Share

Әбенов Қайрат Жаншаұлы

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Адам ресурстарын басқару департаментінің адам ресурстарын басқару бастығы

Білімі

  • Әбенов Қайрат Жаншайұлы 2005 жылы Алматы «Қайнар» университетінің Ақтөбе филиалын «Әлемдік экономика» мамандығы бойынша, Халықаралық экономист, 2020 жылы – Атырау инженерлік – гуманитарлық институтын «Мұнай – газ ісі», техника және технологиялар бакалавры, 2021 жылы – Л.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін – Заманауи ұйымында қызметкерлерді басқару мамандығы (экономика факультеті) бойынша аяқтаған.
  • Соңғы 5 жылда Қ. Әбенов өнеркәсіптік қауіпсіздік, кәсіпорындардағы еңбекті қорғау қауіпсіздігі, кадрлық әлеуетті дамыту тақырыптарына арналған конкурстарға белсенді қатысты, «Мұнай-газ компанияларының кадрлық резервін дайындау» модульдік бағдарламасы аясында оқудан өтті. Мұнай-газ бизнесін басқару, ҚМГ жұмыс мамандықтары арасында ұйымдастырған «Үздік Маман» конкурстық комиссиясының бірнеше рет мүшесі болды.

Еңбек қызметі

  • Қайрат Жаншайұлы еңбек жолын 2003 жылы «Интергазстрой» ААҚ қауіпсіздік техникасы жөніндегі бақылаушы ретінде бастады, «Гаухар Тас» ЖШС бас директордың орынбасары болып жұмыс істеді, және де «ҚазҒЗЖИмұнайгаз» АҚ «Инженерлік орталық» филиалында, «ҚазМұнайГаз»БӨ АҚ және басқа да бірқатар ұйымдарда еңбек етті.