Share

Қазақстанның дамуына қосқан үлес

Қазақстанның дамуына қосқан үлес

Ағымдағы жылдың 22 қазанында Астанада Т.Г. Шевченко атындағы Украин этномәдени бірлестігінің төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Оксана Белоножкина Алғыс хатпен марапатталды.

ҚР Президенті қол қойған жоғары марапатты біздің әріптесіміз, «ҚазҒЗЖИмұнайгаз» филиалының ММГ Талдамалық зерттеулер бөлімінің сарапшысына Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов табыс етті.

ҚазҒЗЖИмұнайгаз филиалының басшысы Б.А. Иманбаевтың атына жазылған ресми хатында айтылғандай, Оксана Юрьевна қоғамдағы бейбітшілік пен келісімнің және еліміздің экономикалық дамуына белсенді ал салысудың жарқын үлгісі бола отырып, мемлекеттік тілді насихаттауға елеулі үлес қосуда.

Әріптесімізді лайықты марапатымен құттықтаймыз!

Бөлісу бағытындағы: