Share

ҚМГ Инжиниринг халықаралық мұнай-газ IT – Саммитіне қатысты. Қазақстан

ҚМГ Инжиниринг халықаралық мұнай-газ IT – Саммитіне қатысты. Қазақстан

  • 10.10.2022
  • News-Kaz
  • Коммент өшірілген on ҚМГ Инжиниринг халықаралық мұнай-газ IT – Саммитіне қатысты. Қазақстан

Алматы қаласында Халықаралық Мұнай-газ IT – Саммиті өз жұмысын аяқтады – бұл мұнай-газ саласының көшбасшылары үшін мамандандырылған алаң, оның негізгі мақсаты цифрландыру саласындағы шешімдерді іздеу үшін Upstream және Downstream өкілдерін біріктіру болып табылады. Саммитке 120-дан астам делегат қатысты, олардың ішінде 70-тен астам өнеркәсіптік компаниялардың өкілдері: ҚазМұнайГаз, ҚМГ Құмкөл, ҚМГ Инжиниринг, Қазгермұнай, Ембімұнайгаз, Қазақойл Ақтөбе, Қазақтүрікмұнай, Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б. В. және т. б.

Іс-шараның іскерлік бағдарламасы «Елдің мұнай-газ саласын цифрландыру» Конгресінен басталды, оның аясында ҚМГ Инжиниринг ақпараттық технологияларды дамыту Орталығының басшысы Илья Дмитриевич Васильев спикер ретінде сөз сөйледі. Ол цифрландырудың белсенді процесі, «ABAI» ақпараттық жүйесі мысалында мұнай-газ саласының техникалық дамуы, және де IT-индустрия саласында озық инновацияларды енгізу туралы айтты.

Илья Васильев «Саммит бағдарламасына құнды үлес қосқаны үшін» дипломымен марапатталды:

Жалпы, іс-шараның мазмұнды және жан-жақты күн тәртібі қатысушыларға әріптестерінің тәжірибесі туралы білуге, өндірістік процестерге терең үңілуге және одан әрі қарайғы келіссөздер мен кездесулерге жоспар құруға мүмкіндік берді. 

Бөлісу бағытындағы: