Share

МАӘ заманауи технологиялары – жабдықтау сарапшыларының тәжірибесі

МАӘ заманауи технологиялары – жабдықтау сарапшыларының тәжірибесі

«Қаламқас кен орнындағы полимерлік су басу» тақырыбында зияткерлік клубтың кезекті кездесуі өтті.

Спикер ретінде «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ КГжИД жетекші геологы Дауіржан Досымбек сөз сөйледі.

Оның презентациясы тыңдаушыларға ыңғайлы болу үшін бірнеше тақырыпқа бөлінді:

  • Технологияның қазіргі тиімділігі
  • Экономикалық көрсеткіштер
  • Толық ауқымды енгізу және перспективалар

Осы мәселелерді аша отырып, спикер мұнай өндіруді арттырудың үшінші әдістері бойынша әлемдік нарыққа шолуды талдады, Қаламқас кен орнында полимерлік су басуды қолдану тәжірибесімен бөлісті, және де үшінші МАӘ перспективалары туралы айтты.

– Қазіргі уақытта әлемде жылына 100 млн.тн. астам үшінші МАӘ қолдану бойынша 400-ге жуық жоба немесе әлемдік өндірудің 2% жұмыс істейді; полимерлік су басу жобалары бойынша 40 жуық жоба бар, олар: Daqing, Pelican Lake к/о және т. б. ірі жобалар. Мысалы, Қытай полимерлі су басу сегменті үшін ең ірі аймақтық нарық болып табылады, ол әлемдік сатылымның 37,2% құрайды. ХЭА болжамы бойынша, 2025 жылдан кейін үшінші МАӘ өсе бастайды. 2025 және 2040 жылдар аралығындағы кезең үшінші МАӘ қолдану арқылы өндірудің жалпы көлемі 135 миллион тоннадан 225 миллион тоннаға дейін өседі, нәтижесінде олардың үлесіне 2040 жылы әлемдік мұнай өндірісінің шамамен 4% келеді. Жалпы, әлемдік МШК 30-35% аралығында түрленеді, бұл ретте жекелеген елдерде, мысалы, Норвегия мен Сауд Арабиясында МШК орта есеппен тиісінше 50-60% жетеді, – деп Д.Дауіржан статистиканы келтірді.

ММГ өкілі МАӘ барлық дерлік түрлері ҚХР, АҚШ және мұнай өндірілетін басқа да елдердің кейбір кен орындарында сыналғанын атап өтті: полимерлі суландыру, полимерлердің, сілтілердің және беттік-белсенді заттардың комбинациясы, коллоидты дисперсиялық гель, СО2 айдау және микробиологиялық МАӘ.

– Дацин кен орны бойынша 2014 жылдан бастап негізгі нәтиже АСП технологиясын қоса алғанда, полимерлі суландыру болды. АСП коммерциялық қолдану 2014 жылдан басталды және оның құны (кейбір ұңғымаларда) 28-50 долл./барр. аралығында болды, бұл қазіргі бағамен де бәсекеге түсуге қабілетті. Сонымен, қабаттардың мұнай беруін арттырудың үшінші әдістері Дацин кен орнында өндірудің 25% дейін қамтамасыз етеді. АҚШ орналасқан SACROC кен орны ХХ ғасырдың 80-ші жылдарының соңында көмірқышқыл газын қабатқа айдау технологиясы сәтті сыналған алғашқы кен орны болды. Бүгінгі таңда бұл әдіс АҚШ-та 15 млн тоннаға дейін мұнай өндіруді қамтамасыз етеді, – деп спикер өз баяндамасында атап өтті.

Қаламқас кен орнында полимерлік суландыру технологиясын масштабтау жоспарларымен бөлісе отырып, Д.Дауіржан жаңа жобалық құжат аясында қарастырылған, оның ішінде ұсынылатындарын атап өтіп, игерудің бірнеше нұсқаларын келтірді:

– Ол 200*200м ұяшықты тығыздаумен ұңғымаларды бұрғылаудан және тәжірибелік учаскелерде полимерлік суландыруды іске асыруды жалғастырудан тұрады, – деп спикер түсіндірді.

Баяндаманы қорытындылай келе, ол бүгінгі таңда Қазақстанда қарастырылып отырған кен орнында ПЗ-дан 694 мың тонна көлемінде қосымша мұнай өндіру алынғанын, бірақ болашақта өндірудің қазіргі деңгейін ұстап тұру үшін айтарлықтай күш-жігер қажет болатынын айтты. МАӘ, оның ішінде полимерлі суландыру үшін үлкен перспективалар бар.

– Мұнайдың құбылмалылық бағасы үшінші МАӘ жоғары шығындарымен бірге үшінші МАӘ таралуына басты кедергі болып табылады. Үшінші МАӘ дамуының келесі кезеңінде салықтық жеңілдіктерді азайту және басқа да шаралар түрінде кешенді мемлекеттік қолдау қажет. Үшінші МАӘ енгізудің барлық тізбегін оқшаулау қажет, – деп ММГ жетекші геологы түйіндеді.

Анықтама: Зияткерлік клуб 2020 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қолдауымен іске қосылды. Аталған клуб аясында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және оның ЕТҰ қызметкерлерінің қатысуымен 13 кездесу өткізілді: «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «СП Қазгермұнай» ЖШС, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС, «Өріктау Оперейтинг» ЖШС сондай-ақ «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС.

Бөлісу бағытындағы: