Share

ҚМГ Инжиниринг «АВАІ» АЖ Теңізшевройл өкілдеріне таныстырды

ҚМГ Инжиниринг «АВАІ» АЖ Теңізшевройл өкілдеріне таныстырды

  • 28.06.2022
  • News-Kaz
  • Коммент өшірілген on ҚМГ Инжиниринг «АВАІ» АЖ Теңізшевройл өкілдеріне таныстырды

Әріптестермен кездесу Атырау қаласындағы ТШО бас кеңсесінде өтті. Қатысушылар құрамында Жәнібек Нұғманов, «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Бас директорының орынбасары, Әсел Құсайынова, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ трансформациялау және цифрландыру департаментінің жобаларды басқару секторының басшысы бар.

«ABAI» АЖ дегеніміз не?

Осы жоба бойынша қысқаша ақпаратты Жәнібек Қайырбекұлы ұсынды. Ол ABAI -жасанды интеллектті қолданылатын ауқымды Big Data жоба екенін атап өтті.

– Ақпараттық жүйенің басты мақсаты – басқару шешімдерін қабылдау уақытын қысқарту есебінен операциялық тиімділікті арттыру және бизнес-процестерде заманауи талдамалық жүйелерді қолдану. Және де, жүйенің тағы бір мақсаты: қосымша бағдарламалық жасақтаманы қолданбай кез-келген барлау және өндіру деректерін жедел жинақтау және визуализациялау. Жүйенің үшінші міндеті – өндірісті үздіксіз басқару үшін қашықтан қол жетімділікті қамтамасыз ету.

Спикер өз сөзінде ABAI маңызды артықшылықтарына тоқталды:

– Кен орындарынан деректерді талдаудан басқа, «зияткерлік кен орындары» мен визуализация орталығының функционалы да қосылады. ABAI қолдану іс жүзінде жүзеге асыруда компанияға айтарлықтай пайда әкеледі. Олар бірнешеу: басқарудың нақты шешімдері. Мұнай-газ саласында белгісіздік жоғары: ұңғыманы бұрғылау кезінде бұл бұрғылаудың сәтті болатынын ешқашан нақты айту мүмкін емес. Сондықтан көбінесе бұрғыланған 10 ұңғыманың тек 7-і ғана өндіріледі. Мұнда деректерді жинау және талдау технологиялары көмекке келеді. Жасанды интеллект геологтар жіберіп алуы мүмкін мұнай кен орындарын «анықтауға» көмектеседі – бұл сандық мұнай деп аталады», – деп спикер түсіндірді.

Оның айтуынша, екінші пайда – визуализация орталықтарын жаппай енгізу. Бұл нақты уақыттағы көрсеткіштерді қадағалауға және стейкхолдерлер үшін есептілік генерациялауға мүмкіндік береді. Мысалы, компанияның немесе мемлекеттік органдардың топ-менеджменті, және де әлеуетті инвесторлар үшін.

Жүйе барлық өндірістік ақпаратты бірыңғай базада орталықтандырылған сақтауды шоғырландыруға мүмкіндік береді және қосымша бағдарламалық жасақтаманы пайдаланбай деректерді агрегациялауды, өңдеуді және визуализациялауды 2 есе жеделдетуді қамтамасыз етеді.  ABAI мұнайды барлау және өндіру блогының деректерін Big Data технологиясын қолдана отырып, бір ақпараттық кеңістікте шоғырландырады.

Бұл АТ-өнім деректердің үлкен ауқымын талдауға, кешенді тапсырмаларды орындау үшін жасанды интеллектті қолдануға және талдау нәтижелерін көрнекі және ыңғайлы түрде ұсынуға мүмкіндік береді. Жүйенің ыңғайлы пайдаланушылық интерфейсі компаниялар тобы қызметкерлерінің жеке жұмыс орындарын, BI (business intelligence – бизнес аналитика) аналитиканы пайдалана отырып визуализацияның заманауи құралдарын көздейді.

Бұдан әрі, жүйенің технологиялары мен архитектурасы туралы «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Ақпараттық технологияларды дамыту орталығының басшысы Илья Васильев хабардар етті.

– Платформа Hadoop платформасында деректерді сақтау және өңдеу, құрылымданбаған деректермен, және де нақты уақытта келетін деректермен жұмыс істеу мүмкіндігі бар веб-қосымша түрінде құрылған. Жүйенің өзегі ақпараттық жүйенің барлық модульдерін деректермен қамтамасыз ететін ABAI мәліметтер базасы. Заманауи әдістер мен алгоритмдер, және де машиналық оқыту құралдары негізінде аналитикалық модульдер жиынтығы жасалады.

Жалпы, ABAI жобасын іске асыру қабылданатын басқарушылық шешімдердің сапасын елеулі арттыруға, ЕТҰ инженерлері мен өндірістік персоналының жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік береді, және де мұнай өндіру тиімділігін арттыруға, еншілес компаниялардың операциялық шығындарын азайтуға ықпал ететін болады.

Бөлісу бағытындағы: