Share

ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

«Изумрудный квартал» әкімшілік ғимаратында шартты өртті сөндіру бойынша ҚазМұнайГаз және ЕТҰ қызметкерлерін эвакуациялау іс-шарасы ағымдағы жылдың мамыр айының соңында өтті.

Қазіргі уақытта өткізілген оқу-жаттығудың нәтижелері ұсынылды және объектінің және компания қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері құзыретіне кіретін жауапты қызметтердің дайындық деңгейіне баға берілді.

– Оқу-жаттығудың қорытындысы бойынша қанағаттанарлық баға берілді, ал қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізілді, – деп оқу-жаттығудың басшысы – ҚМГ аппаратының басшысы М.А. Оразбеков атап өтті.

Ең алдымен, өткізілген оқу-жаттығу аясында тәжірибелік дағдылар шыңдалғанын және ҚМГ мен еншілес ұйымдарда ықтимал өрт және өзге де төтенше жағдайлар туындаған кездегі әрекеттер, сервистік ұйымдардың техникалық қызметтері, Қауіпсіздікті басқару орталығы қызметкерлерінің және Күзет қызметі бөлімшесі объектілерінің әрекет ету тәртібі бекітілгенін атап өту қажет.

– Және де, оқу-жаттығуға дайындық барысында рұқсатты басқаруды бақылау жүйесінің инженерлік жабдықтарының, сондай-ақ өзге де қауіпсіздік жүйелерінің жұмысқа қабілеттілігін тексеру ұйымдастырылды. Атап айтқанда, ғимарат пен персоналдың физикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қабатты және эвакуациялық есіктер мен турникеттік топтардың авариялық ашылуына әсер ететін өрт сценарийлері мен ТЖ жүргізілуін тексеру жүргізілді, адамдарды эвакуациялауды талап ететін өзге де төтенше нұсқалар кезінде РББЖ жұмыс істеу қабілетін тексеру, эвакуациялық шығу жолдары мен турникеттік топтарды қолмен ашу сценарийлерін тікелей РББЖ серверінен және автоматтандырылған жұмыс орнынан іске қосу жүргізілді, Қауіпсіздікті басқару орталығы мен Объектілік күзет бөлімшесінің А/3 адамдарды эвакуациялау кезінде ББЖ операторларымен өзара әрекеттесу сценарийлері (күзет күштерінің әрекеттерін үйлестіру үшін бейнебақылау камераларын пайдалану) және басқа да әрекеттер атқарылды.

27 мамырда №1012 кабинетте тест-газдың көмегімен автоматты өрт дабылы жүйесінің түтін өрт хабарлағыштарын белсендіре отырып, тұтанудың пайда болуы имитацияланды. Шартты өрт ошағы сервистік ұйымдардың техникалық қызметтерінің кезекші ауысымдарының күшімен 5 минуттан кейін жойылды. Шартты өрт кезінде бақылаушылар болашақтағы жаттығулар кезінде жаттығуды қажет ететін ескертулерді атап өтті.

Өрт туралы сигнал алғаннан кейін қызметкерлер мен келушілер кеңседен 24 минут ішінде шығып кетті. Эвакуация ұйымдасқан түрде және дүрбелеңсіз өтті. Сол күні ғимараттан барлығы 1316 адам эвакуацияланды, оның ішінде 605 ҚМГ және 711 ЕТҰ қызметкерлері.

Бөлісу бағытындағы: