Share

Қазақстанның карбонатты кен орындарының болашағы

Қазақстанның карбонатты кен орындарының болашағы

  • 08.06.2022
  • News-Kaz
  • Коммент өшірілген on Қазақстанның карбонатты кен орындарының болашағы

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ карбонатты кен орындарын дамыту тұжырымдамасын талқылауға арналған Зияткерлік клуб қатысушыларының онлайн-кездесуі өтті.

Спикер ретінде ММГ бас директордың геология және игеру жөніндегі орынбасары Шырақбаев Дамир Әлібекұлы сөз сөйледі.

Өз сөзінде ол үш негізгі бағытты атап өтті:

  • игерудің ағымдағы жағдайы  
  • қолда бар потенциал
  • ПНП инновациялық әдістерін енгізу кезеңдері

– Баяндаманың мақсаты бірінші кезекте ҚМГ компаниялар топтары арасында карбонатты (спутниктік) кен орындарын тиімді пайдалану үшін тәжірибемен алмасу болып табылады. Негізі барлық қолда бар кен орындардың мұнай мен газдың қиын өндірілетін қорлары бар, деп Дамир Шырақбаев бөлісті.

Спикер өз сөзінде Маңғыстау өңіріндегі кен орындарына шолу жасады, қазіргі уақытта компания 15 белсенді игеруде, оның ішінде 7 карбонатты кен орындары – Солтүстік Аққар, Солтүстік Қарақия, Придорожное, Алатөбе, Атамбай-Сартөбе, Ащыағар және Оймаша. Жалпы алғанда, олардағы геологиялық қорлары аз, бірақ одан әрі өсу потенциалы бар, бұл басқа ірі көпжылдық кен орындарымен салыстырғанда олардың жетілмегендігіне байланысты.

– 2025 жылға дейін ГБЖ Бағдарламасы шеңберінде карбонатты кен орындары бойынша геологиялық қорлардың күтілетін өсімі 15 жарым млн.тоннадан астам мұнайды құрайды. Қорларды нақтылау бойынша бірқатар зерттеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда, бұл сейсмикалық барлау, сейсмикалық деректерді өңдеу, ұңғымаларды зерттеу және алынған деректерді түсіндіру туралы. Нәтижесінде геологиялық/алынатын қорлардың айтарлықтай өсуі күтіледі, – деп Дамир Әлібекұлы хабарлады.

Ол жер қабаттарының мұнай беруін арттырудың инновациялық әдістерін енгізу жөніндегі жоспарларға жеке тоқталып, аудиторияның назарын ММГ карбонатты кен орындарын игеру бойынша қолданылатын технологияларға аударды.

Карбонатты кен орындарын игерудің әлемдік тәжірибесін зерттеу нәтижелері бойынша қабаттық қысымды ұстап тұру үшін қабаттарға көмірқышқыл газын айдауды қолдану мүмкіндігі қарастырылады. Бұл бағыт өндірісті декарбонизациялау жұмыстары бойынша кешенді зерттеледі. Бұдан басқа, ұңғымаларға «huff ‘n’ puff» азотты айдау технологиясы, көлденең және көп түтелі ұңғымаларды бұрғылау потенциалы, қолданыстағы қорда радиалды бұрғылау және қабаттың қышқылды гидрожарғысын игеру әдісін қолдану қарастырылды.

Өз баяндамасын қорытындылай келе, спикер жақын болашақта карбонатты кен орындарының барлық потенциалын іске асыру үшін зерттеуге көп көңіл бөлу қажеттілігін атап өтті.

Анықтамалық:

2020 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қолдауымен Зияткерлік клуб іске қосылды. Аталған клуб аясында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және оның ЕТҰ: «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «СП Қазгермұнай» ЖШС, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС, «Өріктау Оперейтинг» ЖШС және де «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС қызметкерлерінің қатысуымен 11 кездесу өткізілді.

Бөлісу бағытындағы: