Азамат – Өз мемлекетінің азаматы
- 15.12.2021
- News-Kaz
- Коммент өшірілген on Азамат – Өз мемлекетінің азаматы
- sdauren
Азамат Аманов – ҚМГ Инжиниринг корпоративтік шешімдер Секторының жетекшісі.
Қысқаша аныұтама:
Азамат – Шығыс-Қазақстан облысында туылған, ЕҰУ физика-техникалық факультетте білім алғаннан кейін бакалавр деңгейін иеленді, екі жылдан кейін – автоматтандыру және басқару саласында магистр атанды. 2019 жылы ол «Серч-Сентрик» компаниясында Kadme “Whereoil” v.3.1 (IT) әкімшілік ету саласында білім алды. Бұдан басқа, ол Bas University жоғары оқу орнында Implementing Cisco IP Routing (Route) және National cadet corps India бағыттары бойынша білім алды, және International Training Program мамандығын үйренді.
Жас маман ҚМГ Инжиниринг компаниясына 2014 жылы Ақпараттық-технологиялық сүйемелдеу департаментінің инженері ретінде жұмысқа қабылданды және 7 жыл ішінде инженерден IT-технология Секторының жетекшісіне дейін барлық мансаптық сатыларды өтті, ол туралы «өзін-өзі жасаған адам» деп айтуға болады.
Кәсіби білімді үзіліссіз арттыру және қол астындағы дағдыларды жетілдіру ҚМГИ басшылығының байқауынан өтті. Осылай жас маманға жұмыс учаскелерінің ең жауапты бағыттарының бірін табыстады. Алдыңғы жылдан бастап Азамат компанияның ҚазМұнайГаз кенорындарында заманауи, жетекші, инженерлік-техникалық шешімдерді өндіру және енгізуде маманданатын IT-технологияларды дамыту бағытын басқарады.
Бұдан басқа, Азамат ҚМГ Инжиниринг кадр резервіне кірді, оның қатысушылары конкурстық іріктеуден өтті және компаниядағы жетекші лауазымдарға әлеуетті үміткер болып саналады, себебі, олар кәсіби және басқару құзыретіне қажетті дағдыларға ие.
Қазіргу уақытта, Азамат CRM жүйелерін енгізу және дамытумен; компаниядағы технологиялық және бизнес үдерістерін біріктіру және автоматтандырумен, және де АЖ өндіру және сүйемелдеу бойынша корпоративтік шешімдер секторын басқарумен айналысады.
Тығыз жұмыс кестесіне қарамастан, жас жетекші әлеуметтік және ғылыми қызметке де көңіл бөлуге тырысуда. Инновациялық дамудың Европалық Қорының халықаралық Ғылыми-тәжірибелік конференциясындағы мақалалар Жинағында басылған SAP BO PC бағдарлама жасақтамасы базасында бюджеттік жоспарлауды автоматтандыруды енгізуге арналған мақаланың авторы ретінде қатысты. Азамат ҚМГИ Жас мамандар Кеңесінің (ЖМК) белсенді мүшесі болды және кәсіпорынның түрлі акциялары мен жобаларына қатысты.
«Мен – Тәуелсіздік атмосферасында туылған және тәрбиеленген қазақстандықтардың жас ұрпағының өкілімін, жоғары білім алу, өз–өзімді дамыту, кәсіби тұрғыда өсу үшін уақытты қолдану, компанияда мансабымды құру және өзімді сүйікті ісіме арнау мүмкіндігіне ие болғаныма ризамын. Өз жұмысымды жоғары бағалаймын, себебі бұл жерде менің білімім және дағдыларым адамдарға және өзім тұрып жатқан мемлекетіме пайдасы тиеді, және де басқарма жағынан қолдауды сеземін».