Share

Аналитикалық формула мен басқа туралы

Аналитикалық формула мен басқа туралы

  • 15.12.2021
  • News-Kaz
  • Коммент өшірілген on Аналитикалық формула мен басқа туралы

Жаңартылатын энергия көздерін дамыту – өзекті мәселе, бірақ жақын арада мұнай негізгі жнергия көзі мен қажетті тауарларды өндіру үшін ажырамас шикізаты болып қалады, – деп ҚР Тәуелсіздік құрдасы, «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС – «ҚазҒЗЖИмұнайгаз» бөлімінің қабаттардың мұнай беруін арттыру қызметінің жетекші инженері Наурызбек ТҰЯҚОВ бөлісті.

       Наурызбек жастайынан техникалық пәндерді жақсы көрді, математика және физиканы жақсы меңгерді, және бірінші экономикалық білімді алғаннан кейін мұнайгаз ісі бойынша да білім алу туралы шешім қабылдады. Мұнайшы дипломымен «НИПИнефтегаз» АҚ институт қабырғасында қосымша білім алды, оның нәтижесінде мұнайгаз кенорындарын өндіру департаментінің маманы ретінде жұмысқа қабылданды. Жұмыс уақытында алған білімі мен дағдылары арқасында, оны бас инженері лауазымына дейін көтерді. Және осы жылы Наурызбек геология мен пайдалы қазбалар кенорындарын өндіру магистрінің деңгейін алды.  

 – Қазіргі уақытта, біз ұлттық компанияның үлкен кенорындарының біріндегі сынамалы учаскелерінде полимерлі суланудың гидродинамикалық моделін құрастыру бойынша жобаны аяқтап жатырмыз. Жұмыс нәтижелері бойынша жаңа учаскелердеге технологияның тиімділігін экспресс-бағалауын орындауға мүмкіндік беретін аналитикалық формула анықталды. Сонымен қатар, Маңғыстау облысындағы басқа бірегей кенорын бойынша гидродинамикалық модельді құрастыру жұмысын орындаудамыз, – деп Наурызбек бізбен бөлісті.

Ол бүгін «ҚМГ Инжиниринг» және оның бөлімдері біздің мемлекетіміздің жетекші жобалық институттардың бірі көзқарасын ұстанады.

– Біз – Тәуелсіздік құрдастары және жас мамандар, институттің, отандық мұнайгаз жиынтығының және біздің мемлекетіміздің ары қарай дамуына өзіміздің айрықша үлесімізді қосатынымызға сенімдімін, – деп Наурызбек Тұяқов айтты.

Біздің Маңғыстау әріптестерімізге сәттілік тілейміз!

Бөлісу бағытындағы: