Менің арманым – геологияда жаңа бағытты дамыту
- 15.10.2021
- News-Kaz
- Коммент өшірілген on Менің арманым – геологияда жаңа бағытты дамыту
- sdauren
Бауыржан Тастанов – ҚМГ Инжиниринг Атырау бөлімінің геология мен геологиялық барлау қызметінің инженері, жақын арада – SU университетіндегі «Пайдалы қазбалар кенорындарының геологиясы мен барлау» мамандығының, сонымен қатар, KMGE Minor School бағдарламасындағы «Терригенді және карбонатты кенорындардың седиментологиясы» мамандығының түлегі.
– KMGE School бағдарламасы Сіздің өміріңізде қандай маңыздылыққа ие болды?
– Бірінші кезекте мен үшін осы бағдарламада сұраныстағы мамандарды дайындайтыны және бізді мұнайгаз саласындағы үздік өкілдері оқытатыны маңызды болды. Ерекше көңілді геологияға, атап айтқанда Қазақстанда жаңадан дамып жатқан седиментологияны оқуға бөлдім. Осы жобаны аяқтағаннан кейін мемлекетімнің игілігі үшін өз идеяларымды жүзеге асыру үшін үлкен ұлттық компанияға жұмысқа тұруды армандадым. Қазір мен ұйымшыл ұжымда жұмыс істеймін, және өзімде жұмыстың көптігіне қарамастан, әріптестер маған қолдау көрсетеді және біліктілігі жоғары маман ретінде дамуға және өсуіге көмектеседі. Жалпы, болашақта келешегі бар аумақтарды толықтай зерттеу үшін геологиядағы жаңа бағытты, атап айтқанда седиментологияны дамытуға үлесімді қосқым келеді.
Қазіргі жұмыс істеп жатқан департаментім үлкен кенорындарды модельдеумен және көмірсутек қорларын есептеумен айналысады. Менің мамандығымның ерекшелігі карбонатты және терригенді кенорындарды терең зерттеу және осы мәліметтерді кенорындардың модельдерін дайындауда қолдану болып табылады. Қазіргі уақытта «Жанаталап, Шығыс Мақат кенорындарында қорларды қайта есептеу» атты жобаларға тартылдым. Менің жұмысым «Petrel» және «CorelDraw» сияқты бағдарламаларды қолданып геологиялық материалдарды дайындау.
Дипломдық жобаны жазған уақытта менің ұстазым ретінде «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС АБ келешегі бар жобалар жетекшісі Руслан Абуев болды. Мен үшін ол беріктік, жауапкершілік, жұмысқа таза ниетпен қарау және өз қарамағындағы адамдардың әлеуетін дамыту бойынша үздік жетекші болып табылады.
Қазір Данияр Тулетаев, геология және геологиялық барлау қызметінің сарапшысы, менің ұзтасым болып табылады. Кішкентай уақыт аралығында оның қарамағында мен жұмысты тарату бойынша тәжірибе алдым және өзімнің теориялық білімімді арттырдым.
Өндірістік тәжірибе өткен уақытта мен ұжымдық жұмыс бойынша үлкен тәжірибе алдым. Бұдан басқа, мен өзімнің теориялық білімімді нығайттым және түрлі қиыншылығы бар тапсырмаларды шешуде оларды қолдандым. – Мүмкіндікті қолдана отырып, мен ҚМГ Инжиниринг әкімшілігіне біздік компанияда әлеуетімді дамытуға берген мүмкіндік үшін үлкен алғысымды білдіремін. Осы бағдарламаны жүзеге асыруда қатысқаныма қуаныштымын және KMGE School басқа қатысушыларына сәтті бітіруді тілеймін. ҚМГ барлық ұжымына үлкен және қызық жобаларды тілеймін.