Қауіпсіздік мәселесінде жүйенің қалыпты жұмыс кезіндегі сенімділігі маңызды орын алады. Адамдардың өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға қауіптің пайда болуы объектінің жұмыс қабілеттілігінің бұзылуынан, яғни оның істен шығуынан туындаған кезде сенімділікті тиімді қамтамасыз етуге ерекше назар аудару қажет. Мұндай істен шығулар техникалық және ұйымдастыру шаралары арқылы алып тасталуға тиіс не олардың пайда болу ықтималдығы Нормативтік қызмет мерзімі ішінде ең төменгі деңгейге дейін төмендетілуге тиіс.
ҚМГ технологиялық процестерді оңтайландыру, «ҚазМұнайГаз»ҰК АҚ компаниялар тобының жұмыс істеп тұрған мұнай-газ объектілерінде сенімділік пен тиімділікті арттыру бойынша толық қолдау көрсетеді. Әрбір нақты өндірістік объект үшін ұңғымалық флюидті жинау, дайындау және тасымалдау жүйелерін пайдаланудың неғұрлым ұтымды нұсқасы үшін ұсынымдар әзірленеді.
Бұл бағыт жердегі жабдықтарды пайдалану сенімділігін және өндірістің тұтастығын арттыруға, басқару жүйелерін автоматтандыруды енгізуге және жақсартуға, техникалық қызмет көрсетуге арналған шығындарды азайтуға және қысқа мерзімді және орта мерзімді пайданы қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жұмыста unisim, Pipesim, Hysys, Que$tor, Autodesk бағдарламалық жасақтамалары қолданылады.