Share

Инженерлік жобалау

Инженерлік жобалау

Инженерлік жобалау-барлық қосалқы жүйелерді және инфрақұрылымды ескере отырып, ұңғымалық өнімді жинау, дайындау, қайта өңдеу және тасымалдау жүйелерінің объектілерін қоса алғанда, жерүсті жайластыру бойынша техникалық шешімдерді әзірлеу бөлігінде кен орындарын игеру жобаларының ажырамас бөлігі болып табылады.

Инженерлік жобалау бағыты жер қойнауын пайдаланушы мен «ҚазМұнайГаз»ҰК АҚ үшін барынша экономикалық әсер ала отырып, күрделі және пайдалану шығындарын оңтайландыру мақсатында озық технологияларды енгізе отырып, оңтайлы техникалық шешімдерді әзірлеуге шоғырланған. Бөлімше дербес жұмыстарды да, тұжырымдамалық жобалау кезеңінен бастап Ақтау қаласындағы «Қазмұнайгазғзжи» және Атырау қаласындағы «Каспиймұнайгаз» филиалдарының бөлімшелерімен бірлесіп, геология, бұрғылау және әзірлеу бағыттарымен интеграциялау жұмыстарын да орындауға қабілетті. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тапсырмасы және бекітілген рәсімдері бойынша бөгде инжинирингтік компаниялар әзірлеген жобаларға сараптама жүргізіледі.

Жұмыстарды жоспарлау кезінде PMS (Project Management System) жобалық басқару саласындағы ең үздік халықаралық практика пайдаланылады. Жұмыста Unisim, Pipesim, Hysys, Que$tor, Autodesk және т. б. заманауи бағдарламалық жасақтама қолданылады.